Қазақстандық ер адам жеңілдік аламын деп 20 миллион теңгесінен айырылды

Фото: Pixabay.com
Астана тұрғыны "керемет ұсынысты" қабылдағаннан кейін депозиттік шотындағы 20 миллион теңгесі жоқ болып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Прокуратура мәліметінше, өткен айда Астана тұрғынына бейтаныс адам қоңырау шалып, өзін ұлттық телекоммуникация операторының қызметкерімін деп мәлімдеген. Ол қосымша телеарналарға 30 пайыз жеңілдік ұсынған. Әңгіме барысында қоңырау шалушы ер адамды бірқатар әрекеттерді жасауға көндіріп, смартфонына қашықтан қол жеткізген. Содан кейін жәбірленушінің шотынан 20 миллион теңге ұрланған.
- Threads арқылы фитнес-клубқа жазылмақ болған қазақстандық алаяқтарға алданып қалды
- 85 жастағы көкшетаулық қария алаяқтарға алданып, депозиттегі ақшасы мен пәтерінен айырылды
- Қазақстанда алаяқ танымал онлайн ойын арқылы балалардан ақша ұрлаған
Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Астана прокуратурасы азаматтарды сақ болуға, телефон арқылы бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамауға және құпия кодтарды, банк картасының мәліметтерін немесе жеке ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге шақырады.