Қазақстанда зейнетақы жинақтарын пайдалануға қатысты жаңа ереже талқыланып жатыр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай зейнетақы жүйесіне қатысты ықтимал өзгерістерді түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министрдің сөзінше, қазір “зейнетақы артық қаражатын” есептеу әдістемесі қайта қаралып жатыр. Алайда нақты шешім әлі қабылданбаған.
“Әдістеме қарастырылып жатыр. Оны өзгертуге қатысты тәсілдер әзірге талқылануда. Әзірге нақты шешім жоқ”, – деді Шегай.
Министрлікте зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты зейнетке шыққаннан кейінгі төлемдерді қамтамасыз ету екенін айтты.
Зейнетақы шегі тағы өседі: Қазақстандықтарға енді жинақты пайдалану қиындай түспек
Оқыңыз“Бүгін зейнетақы жинақтарын алсаңыз, оны өзіңіздің 60 жасыңызға, яғни болашағыңыз үшін алып жатқаныңызды түсінуіңіз керек”, – деді вице-министр.
Оның айтуынша, қазіргі жинақты алу тәжірибесі болашақтағы зейнетақы көлеміне әсер етеді.
“Кейінгі 5 жылда 5 триллион теңгеден астам қаражат алынған. Оның шамамен 1 триллионы 35 жасқа дейінгі азаматтарға тиесілі. Бұл алаңдаушылық туғызбай қоймайды”, – деді ол.
Қарастырылып жатқан тәсілдердің бірі зейнетақы аннуитеті. Бұл азаматтың жинағының бір бөлігін сақтандыру компаниясына аударып, өмір бойы тұрақты төлем алу механизмі.
“Қазір аннуитетті ерікті түрде рәсімдеуге болады. Жинақ жеткілікті болса, сақтандыру компаниясымен келісімшарт жасалып, төлемдерді 55 жастан бастап алуға мүмкіндік бар”, – деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидалары өзгертілгені туралы жазған едік.
Қазақстандық егіз қызы мен ұлын зорлап келді деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр