Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидалары өзгертілді

Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидалары өзгертілді

Фото: depositphotos.com

Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған бұйрық 2026 жылғы 17 сәуірден бастап күшіне енеді.

Жаңа бұйрыққа сәйкес, енді қаражат мына бағыттарға жұмсауға болады:

– ипотекалық тұрғын үй несиесін алу үшін бастапқы жарна енгізу;

– бір банктік қарыз шарты аясында жөндеу жұмыстарымен бірге тұрғын үй сатып алу;

– ипотекалық тұрғын үй несиесі бойынша негізгі қарызды толық немесе ішінара өтеу;

– ипотекалық тұрғын үй несиесін қайта қаржыландыру.

Яғни, зейнетақы төлемдері есебінен тек негізгі қарызды өтеуге болады, пайыз төлеуге болмайды.

Қазақстанда зейнетке шығуды жасқа емес, еңбек өтіліне байланысты ету ұсынылды

Қазақстанда зейнетке шығуды жасқа емес, еңбек өтіліне байланысты ету ұсынылды

Оқыңыз

Бұған дейін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ішінара немесе толық ипотеканы өтеуге (жөндеу жұмыстарын қоса алғанда), жеке тұрғын үй салуға, жер учаскесін сатып алуға немесе тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы баспана алуға рұқсат етілген еді.

Еске салсақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегін қайта қарау туралы қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Өзгерістер азаматтардың зейнетақы қаражатының бір бөлігін пайдалану шарттарына әсер етуі мүмкін екенін жазғанбыз. 

Жоба қолданыстағы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен жинақтардың жеткіліктілігін анықтау әдістемесіне өзгерістер енгізуді көздейді. Ұсыныс бойынша, есептеу кезінде кейінге қалдырылған өмір бойғы зейнетақы аннуитетінің құны ескерілмек. Болашақтағы төлемдер үшін қажет жинақ көлемін нақтырақ анықтауға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, өзгерістер зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын күшейтіп, азаматтардың табысын жеткілікті деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған. Құжат әлеуметтік – экономикалық жағынан теріс әсер етпейді деп болжанып отыр.

Жеткіліктілік шегі – зейнетақы шотында қалуға тиіс ең төменгі сома. Егер жинақ осы мөлшерден асса, азаматтар артық бөлігін баспана алуға немесе емделуге пайдалана алады.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 20:43