Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу шарттарын өзгерту ұсынылды

Фото: depositphotos.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы төлемдері қағидаларына енгізілетін түзетулер жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құжатта өмір бойғы аннуитеттің құны негізінде жеткіліктілік шегінің параметрлерін қайта қарау көзделген. Негізгі мақсат — жинақтаушы жүйеден төленетін төлемдердің тиімділігін арттыру және зейнетақы табысының тұрақты қалыптасуын қамтамасыз ету.
Жоба 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.
Қазақстанда зейнетке шығуды жасқа емес, еңбек өтіліне байланысты ету ұсынылды
Еске салсақ, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жеткіліктіліктің ең төменгі шегі жыл сайын 10% өсетінін мәлімдеген болатын. Осы шектен асатын қаражатты алуға рұқсат беріледі.
Бұл шешім жастар арасындағы қаржылардың белсенді түрде алынуына байланысты қабылданған. Қордан алынған 5 триллион теңге жинақтың 1 триллион теңгесі 20-35 жас аралығындағы адамдарға тиесілі болған.