Қазақстанда рецептпен берілетін дәрілерді онлайн сатуға тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда рецептпен берілетін дәрілік препараттарды онлайн-платформалар мен маркетплейстерде сатуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жұсіповтың айтуынша, қазір сарапшылар заңға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл өзгерістер рецептпен берілетін дәрілерді онлайн сатуға тыйым салуды көздейді.
“Біз бұл норманы ұсындық және оны Мәжілісте талқыладық, қазір ол пысықталу үстінде. Әзірге оның қабылданатынын немесе қабылданбайтынын нақты айта алмаймыз. Бірақ кез келген жағдайда бұл түзетулер қажет, себебі қазір электрон дәріханалар мен маркетплейстер арқылы рецептпен берілетін препараттардың сатылымын бақылау өте қиын”, – деді Жүсіпов.
Комитет басшысы қазір Қазақстанда рецепттік дәрілердің интернет арқылы заңды сатылуын қадағалауға мүмкіндік беретін нақты тетік жоқ екенін де атап өтті.
ОқыңызМұндай дәрілерді дәрігердің тағайындауынсыз қанша адам сатып алатыны белгісіз
“Біздің негізгі міндеттеріміздің бірі – “электронды рецепт жүйесін енгізу”. Бұл дәрі-дәрмек нарығын анағұрлым ашық етеді. Дегенмен, интернет алаңдар мен маркетплейстерде көптеген препарат сатылып жатқанын ескерсек, олардың заңды айналымын бақылау өте күрделі болады”, – деп қосты ол.
Бұл заңға енгізілетін түзетулер қазір пысықталып жатыр. Норманың нақты қашан енгізілетіні әзірге белгісіз.
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты