Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы үш жыл қатарынан төмендеген

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда мұғалімдердің нақты жалақысы үш жыл қатарынан төмендеп келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылы елімізде білім беру саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 322,7 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,8%-ға жоғары. Алайда жалақының номиналды өсімін толықтай инфляция “жеп қояды”, инфляцияны есепке алғанда ұстаздардың жалақысында 4,1% төмендеу тіркелген.
Бұл көрсеткішті стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері көрсеткен. Мәліметтер кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда, кәсіпорындарға жүргізілген жаппай зерттеу нәтижесінде алынған.
Білім беру саласы қызметкерлерінің нақты жалақысы 2023 жылдан бері үздіксіз төмендеп келеді. Сонымен қатар жыл сайын төмендеу қарқыны күшейіп барады, алдыңғы екі жылдың қорытындысында теріс өсім қазіргі көрсеткішке қарағанда әлдеқайда төмен болған.
Қазақстандықтардың табысы былтыр төмендеп кеткен: Жалақыны көтеру үшін қандай шаралар орындалмақ
ОқыңызАйту кету қажет, қазіргі мұғалімдерің жалақысының төмендеу циклінен бұрын, 2019 жылдан 2021 жылға дейін үш жыл қатарынан жалақы жыл сайын орта есеппен 17,8% артқан. Ол кезеңде мұндай өсім тек білім беру саласына ғана болған, сол уақытта барлық салалардағы орташа көрсеткіш екі есе баяу өсіп, жыл сайын орта есеппен 8,4% болған.
Білім беру саласы зерттелген кәсіпорындардағы жалпы қызметкерлердің 29%-ын құрайды, яғни 3,8 миллион адамның 1,1 миллионы осы салада жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш бойынша сала ең көп қызметкерге ие. Білім беру қызметкерлерінің көбісі мектептер мен колледждерде еңбек етеді, олардың жалпы санының 64%-ы, яғни 708 мың адам орта білім беру бағытында жұмыс істейді. Сандық артықшылық әйелдер жағында — 536,8 мың адам. Орта білім беру саласындағы нақты орташа жалақының төмендеу көрсеткіші 6,1%-ды құрайды.
Еске салсақ, 2025 жылдың IV тоқсанында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы орташа айлық атаулы жалақы 473 158 теңге болды. Ал 2025 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша медианалық жалақы 339 912 теңге болған.
2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда атаулы жалақы индексі 108,8% болды, алайда нақты мәнде бұл көрсеткіш 96,8%-ға дейін төмендеді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған