Қазақстанда биыл әскери парад өтпейді

Қорғаныс министрлігі Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай биыл әскери парад өткізілмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қорғаныс министрлігі биыл Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған әскери парад өткізілмейтінін мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, оның орнына бірқатар әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда:
- ерлік сабақтары;
- үздік әскери қызметкерлерді марапаттау;
- ардагерлерге құрмет көрсету;
- экологиялық акциялар;
- әскери оркестрлердің шеруі;
- шығармашылық ұжымдардың концерттері;
- әскери техника мен қару-жарақ көрмесі;
- "Солдат ботқасы" акциясы;
- ашық есік күндері.
Осылайша, мерекелік күндер дәстүрлі парадсыз, бірақ мазмұнды іс-шаралар арқылы аталып өтеді.
Әлем елдерінің қорғанысқа бір адамға шаққандағы шығындары: Қазақстан Орталық Азияда көш бастады
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін Астанада 7 мамыр күні Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге келген 97 жастағы ардагер, қазақтан шыққан тұңғыш нейрохирург Теңдік Изақов арнайы тізімде болмағандықтан шара аумағына кіре алмай қалған. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, желі қолданушылары ардагерге орын табылмағанын сынға алды. Кейін Астана әкімдігі жағдай үшін кешірім сұрап, ардагерді 9 мамырдағы гүл қою рәсіміне арнайы шақырды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған