Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алдағы уақытта көмір қымбаттайды

Фото: freepik.com

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Қазақстанда көмір бағасы өсуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.

Бұл туралы үкіметтегі брифингте айтылды. Энергетика вице-министрінің сөзінше, көмір өндіретін кәсіпорындар өндірісті ұлғайтпақ. Сол үшін де көмір бағасы біртіндеп өседі дейді. 

Қазақстанда қосымша құн салығы мен инфляцияның әсерінен оқу ақысы қымбаттамақ

Қазақстанда қосымша құн салығы мен инфляцияның әсерінен оқу ақысы қымбаттамақ

Оқыңыз

 

Көмір тұтыну алдағы уақытта біртіндеп артады. Болашақта оның өсетінін жоққа шығара алмаймыз. Бүгін көмір өндіруші кәсіпорындар модернизация мен өндірісті ұлғайту туралы көп ақпарат берді. Бұл қосымша шығын мен инвестицияларды қажет етеді. Соның салдарынан көмір бағасы инфляциялық тұрғыда өсуі мүмкін. Дегенмен бұл өсім реттеледі”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жететіні айтылды.

Еңлік Сақтан
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 12:01