Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

QAZAQSTAN Olympic Team: Олимпиада ойындарында алғаш рет ел атауы қазақ тілінде жазылмақ

Қазақстан тарихында алғаш рет Олимпиада құрамасының формасында ел атауы қазақ тілінде "QAZAQSTAN" деп жазылмақ. Халықаралық Олимпиада комитеті формадағы жазбаны өзгертуге арнайы рұқсат берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Олимпиада

Халықаралық Олимпиада ұйымының үш әріпті кодтар тізімінде Қазақстан атауы "KAZ" деп жазылады. Себебі аббревиатура халықаралық стандартқа сай.

"Олимпиада ойындары – ең алдымен достық пен бейбітшіліктің үлкен фестивалі. Мұнда спортшылар өз елінің атынан өнер көрсетеді. Тек атлеттер үшін ғана емес, жанкүйерлер үшін де айтулы оқиға. Мемлекет атауының жазылуы кез келген форманың негізгі бөлшегі. Сондықтан қазақ тілінде "QAZAQSTAN" деп жазу – құраманы әлемдік қауымдастық алдында танытудағы негізгі қадам", - деді Ұлттық Олимпиада комитетіндегілер. 



Комитет мүшелері Олимпиада формасындағы негізгі элементті қазақ тілінде жазу спортшыларға сенімділік беретініне сенімді.

"Форма дизайнындағы қазақ мәдениетінен алынған ұлттық элементтер халықты танытуда маңызды рөлге ие. Шетелдік әріптестеріміз ел атауының жаңаша жазылуына өз бағаларын берді. Біздің спортшыларға ұнайтыны сөзсіз. Олимпиада спортшылары – Қазақстанның шетелдегі маңызды елшілері, сондықтан отандастырымыз біздің команданы қолдайды деп үміттенеміз", - деп қосты Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері. 

Айта кетейік, бұған дейін Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының жарыс кестесін жариялаған едік. Олимпиаданың ашылу салтанаты 4 ақпанда өтеді. 

Талқылау