Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Qazaq Оil" нарықтағы үлесін көбейтеді

"ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеті желісінің ребрендинг жасауы жанармай саласындағы соңғы жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі болды. Бүгінде ескірген бекеттердің орнын "Qazaq Oil" деп аталатын кең форматты әрі заманауи типтегі бекеттер басты. 

Қазақ ойл

"Qazaq Oil" – елдегі барлық автосүйер қауымның басын біріктіретін орталық. Бүгінгі таңда компания сапалы жанармай, тұтыну тауарларының кең ассортименті мен қызмет көрсетудің жоғарғы сапасын, дәмді кофе мен жаңа дайындалған өнімдерді ұсынады. 

Желіні жаңарту жұмыстары 2 жыл бұрын ғана басталса да, қысқа уақыттың ішінде 210-нан аса жанармай құю бекетінде ребрендинг жасалды. Бұл мақсатта компания 39 миллиард теңге жұмсап, жобаны аяқтау үшін қосымша 25 миллиард теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Бекеттерді өзгерту жұмыстары пандемия және пандемиядан кейінгі уақыттарда тоқтаған жоқ. Нәтижесінде мұнай өнімдерін сату екі жылда 50%-ға артса, халықтық тұтыну тауарларының сатылымы 10 есеге өскен. Бұл төленетін салық мөлшерінің де ұлғаюына әсер етті. Мысалы, бастапқыда аталған көрсеткіш 400 миллион теңге болса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 9 миллиард теңгеге дейін өсті. 

Қазақ ойл

Компанияның жоғары қарқыны одан сайын арта түспесе, бәсеңдемегені анық. 2021 жылдың жазымен салыстырғанда (шілде-тамыз) мұнай өнімдерін сату тағы 12%-ға, халықтық тұтыну тауарларының сатылымы 204%-ға артты. Сатылым деңгейінің көбейгені қыркүйекте де байқалды. Жаздың соңы мен күздің бас кезіндегі дизель отынының тапшылығына қарамастан компания өз міндеттемесін атқарып қана қоймай, сатылым деңгейін көбейткенін айта кеткен жөн. 

Екі жыл бұрын ғана бір бекеттегі жанармай сатылымы тәулігіне 10,5 мың литр, ал тұтыну тауарлары 35 мың теңге болса, бүгінгі таңда бір бекет 17 мың литр жанармай, 300 мың теңгеге тұтыну тауарлары сатып үлгереді. 

Қазақ ойл

Компания барлығы 381 жанармай құю бекеті, 12 мұнай базасы және 250 жанармай тасымалдайтын көлікті өзгертпекші. Қалған бекеттер мен логистикалық кешеннің ребрендинг жұмыстарын 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. 

Бұдан бөлек "Qazaq Оil" шағын және орта бизнеске қолдау көрсетеді. Бүгінде компанияның 100-ден аса бекетін жеке кәсіпкерлер басқарады. Франчайзинг бағдарламасы туралы да айта кеткен жөн. "Qazaq Оil" өз стандарттары мен талаптарын ұсынып, жанармай және халықтық тұтыну тауарларымен қамтамасыз ету арқылы серіктестер тартады. Қазіргі уақытта франчайзинг арқылы барлығы 25 "Qazaq Оil" жанармай құю бекеттерін ашу жоспарланып отыр. Алдағы жылдары бұл сандар тек арта түспек. 

Қазақ ойл

Аталған көрсеткіштердің барлығы клиенттердің "Qazaq Оil"-ға деген сенімінің дәлелі бола алады. Айта кетейік, 2021 жылдың қорытындысы бойынша "Qazaq Оil" "Жыл таңдауы" номинациясында жеңімпаз атанып, танымал "Superstationpro" басылымы сала көшбасшысы деп көрсеткен. Компания елдегі жанармай сатылымы деңгейін арттыру мақсатында өз бизнес-процесстерін әрі қарай да жетілдіреді. 

Талқылау