Qazaq Bank-тің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимовтың өліміне қатысты іс тоқтатылды
Қазақстандық кәсіпкер, Qazaq Bank-тің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимовтің өліміне қатысты іс жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке мұрағатынан
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, аталған іс бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс аясында тергеу амалдарын жүргізген. Сондай-ақ қажет сараптамалық зерттеулер тағайындалды.
“Жүргізілген тергеу іс-шаралар кешенінің қорытындысы бойынша Қылмыстық кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы негізінде қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл шешімді Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы бекітті”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Qazaq Banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим Bank RBK қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 2024 жылдың ақпанында Ибрагимнің тергеу изоляторында болған уақыты ескеріліп, жазасын толық өтеген соң түрмеден босатылғаны белгілі болды.
БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, Бақыт Ибрагим – Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы.