Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Qarmet-те Халықаралық еңбек ұйымының өкілі мен вице-министр қонақта болды

Qarmet-те ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов пен Еуропа және Орталық Азия бойынша Халықаралық еңбек ұйымының өңірлік директоры Андреес Беате сапармен барды. 

Екіжақты кеңесте компанияның 35 мың ұжымының еңбек жағдайы, жас кадрларды даярлауды жетілдіру жөніндегі жоспарлар, өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру перспективалары талқыланды.

Қонақтар үшін болат және көмір департаменттерінің нысандарына экскурсия ұйымдастырылды. № 3 домна пешінің цехында делегация Конвертер цехы үшін шойын балқыту бойынша жұмыс принципімен таныстырылды. Т. Күзембаев атындағы шахтада К-7 қабатында жұмыс істейтін лава, жерасты жұмыстары кезінде позициялау жүйесінің артықшылықтары көрсетілді. Жаңа орталық диспетчерлік бөлмені енгізу жоспарларымен бөлісті. 

Сапар қорытындысы бойынша Андреес Беате Qarmet қызметімен танысқаны үшін алғысын білдіріп, алға қойылған мақсаттардың орындалуын тіледі. Тараптар еңбек қорғау саласындағы одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Талқылау