Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Qarmet" АҚ мен Қарағанды облысының әкімдігі іс-қимыл жөніндегі бірлескен меморандумға қол қойды

17 мамырда Теміртау қаласындағы Халықаралық конференц-орталықтың ғимаратында қазақстандық шағын және орта бизнес (ШОБ) пен Qarmet компаниясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында форум өтті. Шараға 150-ден астам кәсіпкер қатысты.

Тау-кен металлургиялық компанияның бастамасы – жергілікті өнеркәсіптермен өзара іс-қимылды нығайту, бірлескен жергілікті жобаларды іске қосу, сондай-ақ мамандарды даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Сонымен қатар серіктестіктің жаңа нысаны ретінде компанияның бірлескен жұмыс жүргізудегі барынша ашықтық принципін көздейтіні атап өтілді.

Форумның маңызды оқиғасы "Qarmet" АҚ мен Қарағанды ​​облысының әкімдігі арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою болды.

Шара соңында Qarmet бас директоры Вадим Басин бизнес серіктестерге өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыстады.

Талқылау