"Qarmet" АҚ мен Қарағанды облысының әкімдігі іс-қимыл жөніндегі бірлескен меморандумға қол қойды
17 мамырда Теміртау қаласындағы Халықаралық конференц-орталықтың ғимаратында қазақстандық шағын және орта бизнес (ШОБ) пен Qarmet компаниясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында форум өтті. Шараға 150-ден астам кәсіпкер қатысты.

Тау-кен металлургиялық компанияның бастамасы – жергілікті өнеркәсіптермен өзара іс-қимылды нығайту, бірлескен жергілікті жобаларды іске қосу, сондай-ақ мамандарды даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Сонымен қатар серіктестіктің жаңа нысаны ретінде компанияның бірлескен жұмыс жүргізудегі барынша ашықтық принципін көздейтіні атап өтілді.
Форумның маңызды оқиғасы "Qarmet" АҚ мен Қарағанды облысының әкімдігі арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою болды.
Шара соңында Qarmet бас директоры Вадим Басин бизнес серіктестерге өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыстады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген