"Жерге құлап, дем ала алмай қалған": Қарағандыда ер адам балалар алаңында жеткіншекке шабуыл жасады (видео)

Фото: Видеодан скрин
Қарағанды облысында 12 сәуір күні Трудовая көшесінің бойында №27 үйдің ауласында балалар арасында жанжал болған. Балалар арасындағы дауға ересектер араласқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жанжалдасып қалған балалардың бірі телефон соғып, ата-анасын шақыртқан. Осылайша балалар алаңындағы жағдай ушыға түсті.
Видео әлеуметтік желіде тарады. Видеодан көліктен әйел мен ер адамның түсіп, балаларға жақындағанын көруге болады. Әйел баласы нұсқаған жасөспірімге жақындап айқайлай бастайды. Біраздан соң жанындағы ер адам балаға жақындап, оған күш көрсеткен. Куәгерлердің айтуынша, ол бірінші баланы тұншықтырған, кейін жұлқылаған. Сол сәтте бала жерге құлап, дем ала алмай қалған.
Полицияға бұл жағдай туралы хабар түспеген.
ОқыңызВедомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан барлық адамдардың жеке басын анықтады.
“Олар болған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Қазір жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары жанжалдың себептері мен жағдайларын анықтауда", – делінген ведомство хабарламасында.
Департамент өкілдері барлық қатысушының әрекетіне заңға сәйкес құқықтық баға берілетінін айтты.
Полиция кез келген жанжал тек заң аясында шешілуге тиіс екенін және ешкімнің күш көрсетуге құқығы жоғын атап өтті.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты