Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет қаржысына түсірілген фильм алғаш рет прокатта 1 миллиард теңге жинады

қайтадан киноФото: https://www.instagram.com/qaitadan.film/

Су тасқыны туралы түсірген "Qaitadan" фильмі рекорд жаңартып, 1 миллиард теңге жинады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қуанышты жаңалықты Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

"Қазақстандық режиссёр Думан Еркімбектің дебюттік толықметражды фильмі "QAITADAN" үш апта ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокатта көш бастады. Фильм – кино өндірісіне жұмсалған мемлекет қаражатынан бес есе артық табыс тапқан алғашқы жоба", – делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, "Qaitadan" – қазақ киносының жаңа белеске көтерілгенін айғақтайтын фильм. 2023 жылы питчинг жеңімпазы атанған бұл жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген еді.



Желі қолданушыларының пікірінше, туынды өте сәтті шыққан.

“2 млрд жинасыншы, “Қызылағаш апатын өте керемет жеткізген”, “Су тасқыны ғана емес, саясат, идеологияны да көрсеткен, “Тағы да осындай кинолар түсіру керек”, “Әке мен баланың қарым-қатынасы қоғам үшін ауыр тақырып еді, кинода әдемі жеткізген”, – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, Қоғам белсенділері қазақ киносындағы әйелдің образы неге өзгермейтінін талқылаған еді.

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 29 Қыркүйек, 2025 14:08
Талқылау