Пётр Хребтов ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстанға алғашқы медаль әкелді
Фото: AWF
Қазақстандық ауыр атлет Пётр Хребтов Қытайдың Цзяньшань қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан 2025 жылғы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
21 жастағы спортшы 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, екі жаттығудың жиынтығы бойынша 333 келі (серпе көтеруде – 146 кг, жұлқа көтеруде – 187 кг) көтеріп, үшінші орынға ие болды.
Бұл салмақ дәрежесінде Эрвин Рахмат Абдулла (Индонезия) жеңімпаз атанды. Ол 360 кг (155+205) еңсерді. Ал қытайлық Хайфэн Ву 334 кг (145+189) көтеріп күміс жүлдені еншіледі.
Бұдан бөлек, Хребтов серпе көтеруде де үшінші нәтиже көрсетіп, осы жаттығу үшін қосымша медаль алды.
Абдулла бұл жаттығуда Азия және әлем рекордын орнатты — 205 кг.
Хребтов — осы чемпионатта жүлдеге іліккен алғашқы қазақстандық спортшы.
Айта кетейік, Цзяньшаньдағы жарыс 15 мамырға дейін жалғасады.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ