Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Каспий құбыр консорциумы маңызды, бірақ басқа бағыттарды да қарастырып жатырмыз": Тоқаев Путинмен мұнай мәселесін талқылады


Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында қазақстандық мұнайды тасымалдаудың балама бағыттарына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев S&P Global агенттігінің қазақстандық мұнайды Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы Ресейге жеткізуі мәселесін қозғады.

"Ресей – Қазақстанның стратегиялық серіктесі, тікелей көршісі және одақтасы екенін есте ұстауымыз керек. Бізде Ресеймен әлемдегі ең ұзын шекара бар. Сонымен қатар біз Ресейге стратегиялық серіктес ретінде сенеміз, әсіресе КҚК-ға арқа сүйейміз. Жақында мен Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлестім. Біз КҚК мәселелерін талқыладық. Мен КҚК-ның қазақстандық мұнайды Ресей арқылы Еуропа нарығына және одан тыс жерлерге тасымалдауға тиімді құрал болып қала беретініне сенімдімін", – деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Тоқаев Қазақстанды Украинадағы соғыстың КҚК арқылы Еуропаға мұнай жіберуге ықпалы туралы айтты.


Сыртқы істер министрлігі Каспий құбыр консорциумының нысанына жасалған шабуылға қатысты Украинамен тілдеседі


"Әрине, біз Украинада болып жатқан жағдайды және Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыстың біздің табиғи ресурстар саласындағы стратегиялық жоспарларымыз бен оларды халықаралық нарыққа экспорттау мүмкіндіктерімізге әсерін ескереміз. Сонымен бірге біз Ресеймен стратегиялық серіктестікке берік сенеміз. Дегенмен бұл біз тек бір ғана көлік желісімен немесе бір ғана бағытпен шектелеміз дегенді білдірмейді. Сіздің Баку–Жейхан мұнай құбыры, Орта дәліз және басқа да бағыттар туралы сөз қозғауыңыз өте орынды. Алайда мұнайды шетелге тасымалдау көлемі тұрғысынан алғанда, басымдық КҚК-ға берілуде және берілуге тиіс", – деп түйіндеді президент.

КҚК – қазақстандық Теңіз мұнай кен орнын Қара теңіздегі Новороссийск портына жақын орналасқан "Оңтүстік Озереевка" мұнай терминалымен байланыстырады. Негізгі құбырдың жалпы ұзындығы – 1 510 шақырым, оның 452 шақырымы Қазақстан аумағында орналасқан. КҚК-ның жылдық өткізу қабілеті – 81,5 миллион тонна.

Жалпы 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мұнайының экспорт көлемі – 68,6 миллион тонна болды. Соның ішінде КҚК арқылы 54,9 миллион тонна тасымалданды, бұл жалпы экспорт көлемінің 80 пайызына тең.

Еске салсақ, осыған дейін депутат Никита Шаталов Қазақстан Каспий құбыр консорциумына (КҚК) жасалған шабуыл үшін Украинаны жауапқа тартуы керек екенін айтқан еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 29 Мамыр, 2025 22:56
Талқылау