Путинге тікелей эфирде сұрақ қойған журналист жұмысынан кетті
"Ямал-Регион" ОМТРК журналисі Алиса Яровская Ресей президенті Владимир Путинмен жыл сайын өтетін баспасөз-конференциясынан кейін жұмыстан кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алиса Яровская Путинге Обь өзенінен үстіне салынатын көпір жайлы сұрақ қойған. Естеріңізге салсақ, бұл көпірдің салынуы былтырғы жылы қолға алынған, дегенмен қымбатқа түскені үшін көпір жобасы тоқтатылыпты. Журналист өзінің сұрағын қоя отырып, Ямал губернаторы Дмитрий Артюхов көпір құрылысына бірнеше жылдан бері назар аударып жүргендігі мен кейінгі кездері жоба жайлы мүлдем ешнәрсе айтылмайтындығын тілге тиек етіпті.
"Мүмкін мәселеге федералды күш жұмылдырамыз?" - деген екен Яровская.
Дегенмен оның бұл сұрағын жоғарыда отырған шенеуніктер жылы қабылдамапты. Олар аймақтың басқарушысын атап өткендігіне қабақтарын түйген көрінеді. Бұған қоса арнаның редакциясы журналист басқа сұрақты қояды деп келіскен екен.
Алиса Яровскаяның жұмысынан кетуінің тағы бір себебі айтылады. Баспасөз отырысы кезінде ол Путинді бақылап, ол туралы өз ойымен Facebook желісінде бөлісіпті.
"Ботокс пен филлер байқалмайды, барлығы өзінікі секілді", - деп жазыпты ол президент суретінің астына.
Дегенмен Яровская өз еркімен кеттім деп мәлімдеген. Бірақ ол не себпті кеткендігін айтпапты.
Губернатор Дмитрий Артюховтың баспасөз-қызметі журналисттің өз еркімен жұмыстан кеткендігін растаған.
"Біздің қызмет оның жұмыстан кеткендігі туралы мәліметтен хабарсыз. "Ямал-Регион" ОМТРК мәліметінше, ол арнаның Мәскеудегі бөлімінде жұмыс істеуде. Ол қызметінен кеткісі келетіндігі туралы арызды бүгін жазыпты",- делінген баспасөз-хабарламасында.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
