Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Путинді қамауға алуға ордер бергені үшін" – Ресей Халықаралық қылмыстық соттың судьясына іздеу жариялады

Ресей Ішкі істер министрлігі Путин мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованы "қамауға" ордер берген Халықаралық қылмыстық соттың судьясы Томоко Аканэге іздеу жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Томоко Аканэ. Жапон. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің бабы бойынша ізделуде" - делінген Ресейдің Ішкі істер министрлігінің хабарламасында. 

Ішкі істер министрлігінің картасында судьяға Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің қай бабы бойынша іздеу жарияланғаны көрсетілмеген. 

Айта кетейік, 2023 жылдың наурыз айында Халықаралық Қылмыстық сот "2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Украинаның оккупацияланған аумақтарынан балаларды Ресейге заңсыз әкетті" деген күдікпен Путин мен Львова-Белованы қамауға алу туралы ордер берген еді. Бұл жағдайға түсініктеме берген Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Халықаралық қылмыстық соттың шешімдері Мәскеу үшін маңызды емес екенін айтты. Сондай-ақ елші Ресейдің Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутының қатысушысы емес екенін еске салды.  

Талқылау