Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Украинамен соғыс туралы: Қақтығысты мүмкіндігінше тезірек аяқтағымыз келеді

Ресей президенті Владимир Путин ресейлік әскерилермен кездесуде Украинамен қақтығысты аяқтағысы келетінін айтты. Бірақ ол Ресей ұсынған шарттармен аяқтау керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей федерациясының басшысы Украинамен соғыста зардап шеккен ресейлік әскери қызметкерлермен кездесу үшін Вишневский атындағы әскери госпитальға барды.

"Біз де қақтығысты аяқтағымыз келеді. Мүмкіндігінше тезірек. Тек өз шарттарымызбен. Бізде шексіз күресуге деген құлшыныс жоқ. Бірақ біз өз позициямызды бермейміз. Міне, сіздер соғысып, жарақат алдыңыздар. Енді бәрін тастап кетеміз бе? Мұнда камера жұмыс істеп тұр. Әйтпесе қазір қолыммен белгілі бір ишараны көрсетер едім. Қандай ишара екенін білесіздер. Сондықтан бұлай болмайды", - деді Ресей федерациясының президенті.

Сондай-ақ ол Белгородқа жасалған соққылар туралы пікір білдіріп, Киевтің "ел ішінде қорқытып, сенімсіздік тудырғысы келетінін" айтты. Путин ресейлік қалаға жасалған соққыны теракт деп атады.

Еске салайық, 30 желтоқсанда Ресей Қорғаныс министрлігі Белгородқа екі "Алдер" зымыранымен және Vampire RSZO реактивті снарядтарымен соққы жасалды деп мәлімдеген болатын. Нәтижесінде 24 адам көз жұмды, олардың арасында балалар бар.

Талқылау