Путин Украина азаматтарын тірі қалқан ретінде пайдаланып жатқанын мәлімдеді
Ресей президенті Владимир Путин Украинада қарапайым азаматтардың тірі қалқан ретінде пайдаланылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әрине, біздікілер бірден әрекет етті. Тіпті соғыс қимылдары бірден тоқтатылды, не болып жатқанын бақылап отырдық. Олап ешкімді сыртқа шығармай қойды. Сіздер олардың не істеп жатқанын түсініп отырсыздар ма? Ешкімді сыртқа шығармай, тірі қалқан ретінде қолданып отыр. Бұл кімнің әркеті болуы мүмкін? Әрине, бұлар –неонацистер", – дейді Путин.
Бұдан бұрын 5 наурызда Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы генерал-майор Игорь Конашенков Мәскеу уақытымен таңғы сағат 10-дан бастап Ресей тыныштық режимін жариялап, бейбіт тұрғындарға Мариуполь мен Вольноваханы қалдыру үшін гуманитарлық дәліздер ашқанын айтты.
Сондай-ақ Украина тарапымен гуманитарлық дәліздер мен шығу жолдары келісілгені айтылды.
Кейін Мариуполь қалалық кеңесі бейбіт тұрғындарды эвакуациялау кейінге шегерілгенін хабарлады. Ресей Қорғаныс министрлігі ұлтшыл батальондардың жауынгерлері Ресей армиясы ұйымдастырған гуманитарлық дәліздер арқылы Украинаның бейбіт тұрғындарының кетуіне жол бермей отырғанын атап өтті.
Алайда Украинаның мәліметінше, Ресей тарапы "жасыл дәліз" туралы келісімдерді бұзып, Мариупольды атқылай бастаған, нәтижесінде эвакуация кейінге шегерілді.
Мариуполь қалалық кеңесі Ресей тарапы үнсіздік режимін сақтамағандықтан және Мариупольдің өзін де, оның төңірегін де атқылауды жалғастыруына байланысты қауіпсіздік мақсатында тұрғындарды эвакуациялау кейінге қалдырылғанын айтты.
"Біз барлық Мариуполь тұрғындарын таралып, баспана орындарына баруын сұраймыз. Эвакуация туралы толығырақ ақпарат жақын арада жарияланады. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясымен тыныштық режимін орнату және қауіпсіз гуманитарлық дәлізді қамтамасыз ету бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді полицейлер де дауыс зорайтқыштар арқылы.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
