"Тоқаев пен Мирзиеев келді": Путин туған күнін қалай атап өткенін айтты
Ресей президенті Владимир Путин өзінің туған күнін қалай атап өткені туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ТАСС
Ресей президентінің айтуынша, ол туған күнінде Қазақстан және Өзбекстан басшыларымен түскі ас ішкен.
7 қазанда Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға жеткізу бойынша жоба өз жұмысын бастады. Бұл күн Ресей президенті Путиннің туған күнімен тұспа-тұс келді.
“Әріптестерім келді, Қасым-Жомарт Кемелұлы және Шавкат Миромонұлы, біз жұмыс істедік, бұл әдейі бұл күнге ойластырылған оқиға емес, біз бұл жоба үшін көптен бері жұмыс істеп келеміз. Олар 7 қазан күні түскі асқа қалды, біз үшеуміз отырдық, үшеуміз болдық", – деді Путин.
Еске салсақ, бұған дейін президент Тоқаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барып, Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасын іске қосу рәсіміне қатысқаны туралы жазған болатынбыз.
Талқылау