Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Тоқаевтың ядролық қарудан бас тартқанына таңқалып қалды - Нобель сыйлығының лауреаты

Нобель сыйлығының лауреаты, журналист Дмитрий Мурадов Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың ядролық қарудан бас тартқанына таңқалып қалғанын айтады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Globalnews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Токаев путин 2

“Мен Валдай форумында президент Тоқаев пен президент Путиннің арасындағы ерекше әңгіменің куәсі болдым. Президент Тоқаев Қазақстан ядролық қаруға ие болғысы келмейтінін, себебі бір аяғы Еуропада, екіншісі Азияда тұрған елдің алаң ретінде пайдалануға болатын логистикалық, мәдени орталық алаң ретінде тағы бір тартымдылығы бар екенін айтқан. Ал ядролық қару табысқа жетудің шарты емес. Кенет Тоқаевтың жанында отырған Путин оған жеке бұрылып: "Саддам Хусейн мұны құптамас еді” – дейді”, – деп мәлімеді Мурадов Германияда өткен Global Media Forum 2023 кездесуінде.

Журналист сондай-ақ бір елдің нығаю, милитаризациялау жолымен жүріп жатқанын, ядролық қаруды әлемді биполярлықтан көпполярлыға айналдыру құралы ретінде қарайтынын, ал екінші ел түрлі салаларда қалыпты сауда серіктесі болғысы келетінін атап өтеді.



“Бұл екі түрлі жол, біз қазір посткеңестік кеңістікте бұған куә болып отырмыз. Мен Тоқаев пен Путинді антагонист (қарсылас – ред.) деп айтпайтын едім. Жоқ. Олар ынтымақтасуға мəжбүр, өйткені Қазақстан əрқашан Ресеймен, Ресей Қазақстанмен шектеседі. Бірақ олардың үкіметтік көзқарастары өзгеше? Кімдікі дұрыс? Білмеймін. Тоқаев президенттік мерзімін шектеді, ал Путин бұлай жасаған жоқ. Ұзақ тарихи кезеңде кім дұрыс шешім қабылдайтынын біз әлі көре жатармыз. Әрине ғұмырымыз жетсе”, – дейді Дмитрий Мурадов.

Талқылау