Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Фото: Kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресей президенті Тоқаевтың екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Біздің мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын нығайтуға қосқан жеке үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Бұл қатынастар еуразиялық кеңістікте қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесінде Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының игілігі үшін жемісті дамитынына сенімдімін", – делінген құттықтауда.



Путин Қазақстан басшысына зор денсаулық, бақ-береке және мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Бүгін, 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды. Дәстүр бойынша ол туған күнін тойламайды. Бұл жағдайда ешқандай ресми іс-шаралар жоспарланбаған.

STAN.KZ
Сенбі, 17 Мамыр, 2025 12:27
Талқылау