Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин соғыс ардагерін күзетшілерінен қорғап қалды (видео)

РФ президенті Владимир Путин Қызыл алаңда өткен парад кезінде жанында келе жатқан ардагерді бас салып, шетке қарай алып кетпек болған күзетшіні тоқтатып, қарияны қорғап қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Путин соғыс ардагерін күзетшілерінен қорғап қалды (видео)

Сурет: Көрнекі сурет/Sputnik

Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен парад тікелей эфирде көрсетілгендіктен, орын алған жайттың видеосы желіде тарап кетті.

Видео кадрларынан Ресей мемлекеті басшысының Сербия президенті Александр Вучич және Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен бірге “Белгісіз жауынгердің” қабіріне гүл шоқтарын қою үшін Александр бақшасына бара жатқаны көрінеді. Осы кезде Путинге жақындамақ болған ардагерді күзетшілер шетке қарай итере бастайды. Бұл жайтты байқаған Путин оларды шетке қарай алып жүріп, ардагермен қол алысып, оған ескерткішке бірге баруды ұсынды.

«Россия 24» мәліметінше, соғыс ардагері Путинге жақындап, оған құрмет білдіргісі келген. Сонымен қатар, Ресей мемлекетінің басшысы күзетшілердің әрекетін «мүлдем жақтырмаған».

«Говорит Москва» радиостанциясы хабарлағандай, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ардагерді мемлекет басшысының жанынан алып кетпек болған күзетшілердің әрекетін түсіндірді.

«Әриен, бұл әдейі ойластырылмаған сәйкестік болды. Президент алдағы уақытта мұндай жағдайдың орын алуына жол берілмеуіне назар аударды», – дейді Песков.

Оқи отырыңыз:

Жанкүйерге күртешесін сыйлаған футболшы оның қалтасында сақинасын ұмытып кеткен

Бас сүйегі ғана табылды: Полиция қызметкерінің 3 жасар баласын қабылан жеп қойды

Мотокросс бойынша әлем чемпионы суға құлап кеткен күшікті құтқарамын деп мерт болды

Бәтеңкедегі тағам: Израильдік аспаз Жапонияның премьер-министрін кемсітті

Талқылау