Бас сүйегі ғана табылды: Полиция қызметкерінің 3 жасар баласын қабылан жеп қойды

Угандадағы Елизавета патшайымның ұлттық саябағында қабылан полиция қызметкерінің 3 жасар баласын сүйреп әкетіп, жеп қойды.

Бас сүйегі ғана табылды: Полиция қызметкерінің 3 жасар баласын қабылан жеп қойды

Сурет: Dinuka Liyanawatte / Reuters

Бұл туралы The Independent басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 4 мамырда кешкі уақытта орын алған. Ұл бала Эдвард өзенінің жағасындағы аңшылардың үйінде болыпты. Оған қызметші әйел қарап отырған екен.

Мемлекетті табиғат қорғау ұйымының төрағасы Башир Хангидің сөзінше, үйден шығып бара жатқан қызметші әйел баланың соңынан ілесе шыққанын көрмей қалған. Ол баланың айқайлаған даусын естіп, көмекке жүгірген. Алайда бұл кезде тым кеш болған еді. Баланы сүйреп алып кеткен қабылан жасырынып үлгеріпті.

Іздеу жұмыстарының барысында баланың бас сүйегі ғана табылған. Баланың бас сүйегі жерлеу үшін әкесіне берілді.

Ендігі билік қала билігі балаға шабуыл жасаған жыртқышты ұстап, қамап қоюды жоспарлап отыр.

«Ол адам етін жеп көргендіктен, ендігі басқа адамдарды да жегісі келетін болады», – дейді Ханги.

Оқи отырыңыз:

Мотокросс бойынша әлем чемпионы суға құлап кеткен күшікті құтқарамын деп мерт болды

Бәтеңкедегі тағам: Израильдік аспаз Жапонияның премьер-министрін кемсітті

Неке рәсіміне дайындалып жүрген қыздың тойына екі күн қалғанда қолын қолтырауын жұлып алды (фото, видео)

Салмағы 19 келі болған әйел: Дәрігерлер бала сүйе алмайтынымды айтқанымен, екі баламды дүниеге әкелдім (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар