Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Навальныйдың ауруханаға жатқызылуы туралы пікір айтты

Ресей президенті Владимир Путин Берлиндегі "Шарите" клиникасында комада жатқан оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Путин Сауд Арабиясындағы шабуылға қатысты Құран сөзімен жауап берді

26 тамызда Путин Италия премьер-министрі Джузеппе Контамен телефон арқылы сөйлесті.

"А.Навальныйды ауруханаға жатқызу туралы жағдайға тоқталды. Ресей жағы осыған байланысты асығыс және негізсіз айыптаулардың жол берілмеуін және оқиғаның барлық жағдайларын мұқият әрі объективті тергеуге мүдделі екенін атап өтті", - деп хабарлайды Кремль сайты.

Путин мен Конте Беларусьтегі президенттік сайлаудан кейінгі жағдай туралы пікір алмасты. "Ресей тарапы республиканың ішкі істеріне араласу әрекеттері мен оның басшылығына қысым жасауға қарсы екендігін баса айтты. Қазір бастысы кез келген жағдайдың өршіп кетуіне жол бермеу екенін түсіну", - делінген хабарламада.

Бұл Путиннің оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың атын бірінші рет аталып өтуі деп хабарлайды Медуза. Бұған дейін Навальный туралы Ресей Президентінің сайтындағы 23 басылымда айтылған болатын. Путиннің өзі ешқашан Навальныйды атымен атамаған.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та оппозиционер Навальныйдың денсаулығы туралы күнделікті сұрақтарға жауап бергенімен, оның атын атамайды.

Талқылау