Путин КСРО республикаларына "орыс халқының сыйлықтарын" еске салды
Ресей президенті Владимир Путин Кеңес республикаларының КСРО құрамынан шығуы туралы сөз қозғады. Пікір Павел Зарубиннің "Россия 1" телеарнасында көрсетілген "Ресей. Кремль. Путин" фильмінде айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Путин Кеңес Одағын құру кезінде республикалардың одан шығу құқығы жазылғанын, бірақ бұл тәртіп реттелмегенін атап өтті.
"Кеңес Одағын құру кезінде келісім-шартта шығу құқығы жазылған, ал тәртіп белгіленбегендіктен, мынадай сұрақ туындайды: егер қандай да бір республика Кеңес Одағының құрамына кірсе, бірақ өз багажына Ресейдің жерлерін, дәстүрлі тарихи аумақтарын алса, содан кейін кенеттен осы Одақ құрамынан шығуға шешім қабылдаса, сол кезде ең болмағанда немен келсе, солай шығар еді. Орыс халқының сыйлықтарын өзімен бірге алып кетпес еді. Өйткені осылардың ешқайсысы жазылмаған. Мен қолданыстағы Конституцияға түзетулерді қабылдап, дұрыс нәрсені істеп жатқанымызға сенімдімін", - деді Ресей президенті.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн