Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Кремльде Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдады (видео)

Путин Кремльде Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдады (видео)

Ресей президенті Владимир Путин сенбі күні кешке Қазақстанның бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кремльге сілтеме жасап хабарлайды. 

“Кремльде Владимир Путиннің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті”, – деп жазды Кремль.

Алайда екеуінің не себепті кездескені айтылмады. 

Ресей президентінің баспасөз қызметі жариялаған видеодан Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев ақ гүлдермен безендірілген дөңгелек үстел басында отырғанын көруге болады.



Саясаткерлер осымен екінші рет кездесіп отыр. Алдыңғы кездесу 2025 жылы 29 мамырда өткен. Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы ол кездесудің жеке сипатта болғанын мәлімдеді.

STAN.KZ
Жексенбі, 28 Желтоқсан, 2025 08:32