Путин: Қазақстан митингілердің салдарын қалпына келтіруге күш салуы керек
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде болған қауіпті жағдайда Ресейдің көмегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ құрбандардың көп болғанынына алаңдайтынын айтып, барлық кінәлі адамның жазаланатынын мәлімдеді.
Ал Владимир Путин Қазақстанның халықаралық терроризммен бетпе-бет келгенін жеткізді.
"Біз қаңтар оқиғаларынан кейін алған рет кездесіп отырмыз. Сол кезде Қазақстан халықаралық бандалардың құрбаны болды. Бұл асыра айтқандық емес. Олар елдің ішкі жағдайын пайдаланып кеткісі келген", - деді Путин.
Путин Тоқаевпен келіссөз жүргізу кезінде мемлекет митингілердің салдарын қалпына келтіру үшін көп күш салуы керек екенін мәлімдеді. Бірақ Қазақстан аяғында нық тұр, деп нақтылады ол. Ал Қазақстан президенті адам өліміне әкелген тәртіпсіздіктерге кінәлілердің барлығы жазаланатынын атап өтті.
"Қазақстан ел ішіндегі жағдайды пайдаланған халықаралық бандалардың құрбаныболды. Біз сізбен жаңа жылдың алдында кездескен едік, мұндай оқиға болатынын ешкім білген жоқ. Соған қарамастан жағдай қалпына келді", - деді Путин.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біздің еліміз бен Ресей "Құдай қосқан көрші" екенін айтты. Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуды жалғастырады, деді мемлекет басшысы Ресей басшысымен келіссөз жүргізу кезінде.
Кездесуде басшылар қол алысып, құшақтасып, орындықтарға жайғасты. Мемлекет басшыларының күн тәртібінде екіжақты қарым-қатынастарды дамыту перспективалары, интеграциялық ынтымақтастық және халықаралық проблемалар бар.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
