Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы Путиннің өлімі неден болатынын айтты

Ресейлік-америкалық сарапшы Юрий Фельштинский Владимир Путин Ливияның бұрынғы диктаторы Муаммар Каддафидың күйін кешуі мүмкін екенін ойлап қорқады, деп пікір білдірді. Ресейде Алексей Навальныйды түрмеге жабуына байланысты митингтер басталғаны осыған себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылыман сілтеме беріп. 

путин

Юрий Фельштинский Путин Каддафи сияқты өлуден қорқады дейді. Оның пікірінше, ресейлік демонстранттар оппозиционер Алексей Навальныйдың түрмеге қамалуына ашулы.

Путин 20 жылдық билігінде осындай үлкен сынақпен бірінші рет бетпе-бет келді. Себебі Навальныйды қолдап мыңдаған адам көшеге шықты, дейді сарапшы.

Юрий Фельштинский Ресей президенті билікті ұстап қалу үшін тек репрессияны күшейтетінін айтады.

Ресейлік-америкалық автордың ойынша, Навальныйдың қамауға алынуы, соған байланысты жалғасып жатқан наразылықтар және оппозицияның қатты қуғын-сүргінге ұшырауы Путинның ел ішіндегі қолдауға ие болуын төмендетіп жатыр. Сондықтан Путинде биліктен айырылып қалмау үшін наразыларды басып-жаныштайтын ғана таңдау бар.

Фельштинский егер Путин билігін әлсіздете түссе аяғында өзі жапа шегетінін түсінетінін жеткізген. 

"Әрине, ол мұны біледі. Қанауын жалғастырмаса, аман қалмайтынын біледі", - дейді сарапшы.

Айта кетейік, Алексей Навальный 17 қаңтарда Мәскеуге оралғаннан кейін тұтқындалған. Оқиға Ресейде наразылық тудырып, бүкіл елде жаппай шерулер болды. Путинге қарсы наразылықты басу кезінде полиция 10 мыңнан астам адамды тұтқындады.

STAN.KZ
Жұма, 05 Ақпан, 2021 16:04
Талқылау