AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл не деген кемсітушілік? Путин ауған босқындарын Орталық Азияға орналастыру мәселесін сынға алды

Ресей президенті Владимир Путин Ауғанстандағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол Ауғанстанда болып жатқан оқиғалар Ресейдің қауіпсіздігіне тікелей байланысты екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл біздің қауіпсіздігіміз үшін еліміздің азаматтарына тікелей қатысты. Біз өз елімізде босқындардың атын жамылған террористердің пайда болғанын қаламаймыз. Елестетіп көріңізші, босқындар кез келген елге кіріп жатыр... Ал босқындар деген кімдер? Біз қайдан білеміз? Олардың мыңдаған, тіпті жүздеген мың болуы мүмкін. Тіпті миллиондаған да", – деді Путин "Единая Россия" партиясының өкілдерімен кездесуінде.

Ресей президенті, сонымен қатар Ауғанстаннан босқындар келетін жақын елдермен визалық шектеулердің болмауына алаңдаушылық білдірді.

"Біздің ең жақын одақтас және көршілес елмен визалық шектеулер де жоқ. Шекарамыз да қандай? Мың шақырымдық жол. Кез келген табылған нәрсеге, машинаға болмаса есекке отырып жазық даламен жүре бересің. Ал біз оларға не істей аламыз?", – деп қосты ол.

Оның айтуынша, Ресей 90-шы жылдары мен 2000-жылдардың ортасында, Солтүстік Кавказда соғыс жүріп жатқан уақыттағы шиеленісті жағдайлардың қайталануын қаламайды. 

"Біз қазір Ауғанстан аумағында көріп отырған сұмдықтар, біздің де басымыздан өтті. Оның болғанына көп уақыт та болған жоқ. Ал қазір бәрі орнықты, тыныш болғанымен бізде де мәселелер бар, алайда оларды бұрынғымен салыстыруға келмейді. Ешкім ол уақытқа қайтып оралғысы келмейді, сондықтан бізге Ауғанстаннан немесе басқа елдерден мұндай элементтер қажет емес", – деді Владимир Путин.

Путин виза алмастан бұрын ауған босқындарын Орталық Азия елдеріне орналастыру идеясын сынға алды.

"Біздің батыстық серіктестеріміз Америка Құрама Штаттарына немесе басқа елдерге виза алудан бұрын босқындарды Орталық Азия елдеріне орналастыру мәселесін табанды түрде көтеруде. Сонда біздің көршілес елдерге визасыз баруға болады да өздері онсыз қабылдағысы келмейді. Бұл мәселені шешудің ең төменгі әдісі", – деді Путин.

Ол Ауғанстаннан келген босқындар мәселесі Ресей Сыртқы істер министрлігі үшін басымдыққа ие болады деп қосты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр