"Бердымухаедов": Путин Түрікменстан президентінің тегін бұрмалап айтты

Ресей президенті Владимир Путин Ашхабадтағы форумда сөз сөйлеген кезде қате жіберіп, Түрікменстан президенті Сердар Бердымұхамедовтің фамилиясын дұрыс айтпады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Барлық түрікменстандық достарымызды құттықтағым келеді. Әрине, президент Сердар Гұрбанғұлыұлы Бердымухаедовты…" деп, Сердар Бердымұхамедовтің фамилиясын дұрыс айтпай қалды.
Әлеуметтік желіде бұл сәт бірден пайдаланушылардың назарын аударды. Пікірлерде көп сын айтылды.
"Менің ойымша, ол әдейі бұрмалап айтып, ренжіту үшін істеп отыр! Мұндай қылық үлкен елдің президентіне төмен деңгейдегі іс" деп жазды бір қолданушы.
"Ал мұны қателеспестен істеді деп сенгендер бар", "Егер ол осылайша Түрікменстан президентін төмендетемін деп ойласа, қателеседі, өзін ғана қорлайды", – деп пікір қалдырғандар болды.
Бұл бірінші жағдай емес. Бұған дейін Путин Қырғызстан, Тәжікстан және Түркия президенттерінің фамилиялары мен есімдерін дұрыс айтпай қате жіберген.
Еске салайық, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапарымен келген күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атын екі рет дұрыс айтпады. Кездесу барысында екі ел басшылары стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде білім беретін үш мектеп салу жоспары айтылды және Семей, Көкшетау, Өскемен қалаларында жылу электр станцияларын салуға меморандумға қол қойылды. Тоқаев бұл сапарды сирек кездесетін және жақсылық нышаны ретінде бағалады.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды