Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Путин – АҚШ-тың көзін құртатын дәрежеге ие жалғыз адам": Трамп Путиннің қоңырау шалғанын айтпаған қызметкерлерін сөкті

Америкалық журналист Питер Берген АҚШ президенті Дональд Трамптың 2017 жылы Ресей басшысы Владимир Путиннің телефон қоңырауы жайлы білмей қалған кезіндегі әрекеті туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Business Insider "Трамп және оның генералдары: аласапыран бағасы" атты кітабына сүйене отырып мәлімдеді.

2017 жылы 27 қаңтарда Трамп британдық премьер-министр Тереза Мэймен Ақ үйде бірге түскі ас ішкен көрінеді. Осы сәтте Мэй Трамптан Ресей президентімен сөйлестіңіз бе деп сұраған. Бұған АҚШ басшысы жоқ деп жауап беріпті. Мұны көрген Пентагонның барлаушы бөлімінің директоры Майкл Флинн Трампқа Путин бірнеше күн бұрын телефон соққанын айтыпты. 

Трамп бұл жағдайға қатты ашуланған көрінеді. Ол Флин мен резиденцияның басқа да беделді қызметкерлерін сынның астына алған. 

"Бұл сенің қай қалжыңын? Владимир Путин менімен хабарласпақшы болған, ал сен ол туралы айтпағансың да. Қай жеріңмен ойландың?", - деп ыза болыпты Трамп. 

Өз кезегінде Флин осы уақытта Ақ үйге келіп түскен қоңыраудың көптігін айтып ақталмақшы болыпты. Алайда Трамп Путиндің "АҚШ-тың көзін құрта алатын дәрежеге ие жалғыз адам" екендігін жеткізіпті. 

Путин мен Трамп алғаш рет телефон арқылы 2016 жылдың қарашасында әңгімелескен. Олар бір-бірімен 2017 жылдың 7 шілдесінде Гамбургте кездесіпті. 


 

STAN.KZ
Жексенбі, 05 Қаңтар, 2020 10:30
Талқылау