Pussycat Dolls тобының әншісі топтағы қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін айтты
Pussycat Dolls тобының бұрынғы қатысушысы Кайя Джонс желідегі парақшасында топтағы қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін айтты.
Айтуынша, топ қыздары бұйрық бойынша жезөкшелікпен айналысқан.
«Мен осы топта болдым. Мен жезөкшеліктер желісінде болдым», – деп жазады Джонс.
Әншінің айтуынша, бұл іске топты құрушы Робин Антин жауапты болған. Актриса одан топтағы бір қыздың не себепті өзіне қол жұмсағанын ашық айтуға шақырған.
«Бізге моральді түрде қандай соққылар жасағаныңды айт», – деп талап еткен Джонс Робин Антиннен.
Әншінің айтуынша, топтағы ешбір қатысушы бұл жайлы ешқашан тіс жармаған.
«Менің жеке өзі келіп біреуге айтатын болсам өлтіріп кететінін немесе мансабымның тоқтайтынын айтып қорқытты», – дейді Джонс.
2014 жылы Pussycat Dolls Dollhouse тобының қатысушысы Симон Баттл көз жұмды. 25 жастағы Симон өзіне қол жұмсады.
Pussycat Dolls 1995 жыл мен 2010 жылдар аралығында өнер көрсетті. Топтың Don’t Cha, Stickwitu, I Hate This Part, Hush Hush және Buttons секілді хит әндері болды.
Тағы да оқыңыз:
Америкалық азамат ресейлік қызға үйлену үшін өз әйелін өлтіріп тастады
ОҚО облыстық жанармай қауымдастығының төрағасы бензин бағасын 220 теңгеге көтеруді ұсынды