Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ПСЖ", "Манчестер Сити", "Реал Мадрид" пен "Шахтер" Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады

6 қыркүйекте Чемпиондар лигасы топтық кезеңінінің бірінші туры аясында матчтар өтті. Алаңда H, F, G және E топтарының командалары кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ПСЖ

H тобында "ПСЖ" "Ювентусты" 2:1 есебімен жеңді. Клилиан Мбаппе дубльмен (5 және 22-минуттар) ерекшеленді, ал италиялықтар командасында Уэстон Маккенни (55-минут) гол соқты.  

Ал келесі матчта "Бенфика" "Маккабиді" 2:0 есебімен жеңіп кетті. 

F тобында украиналық "Шахтер" "Лейпцигті" 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Марьяна Шведа дубль авторы атанды. Ал 21 жастағы Михаил Мудрик пен Лассина Траоре голдарымен ерекшеленді. "Лейпциг" ойыншысы Мохамед Симакан 57-минутта қарсылас қақпасына гол соқты. 

Мадридтік "Реал" шотландиялық "Селтикті" 3:0 есебімен жеңіп кетті. 

G тобындағы "Манчестер Сити" қарсыласы "Севильяны" 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Эрилнг Холанд дубль авторы атанса, Фил Фоден мен Рубен Диаш бір голмен ерекшеледі. 

Е тобында "Челси" загребтік "Динамоға" жол берді. Загребте өткен матч 1:0 есебімен аяқталды.  

Талқылау