Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ПСЖ-дағы жанжал: Джанлуиджи Доннарумма жаңа қақпашы келгеннен кейін клубтан кететінін мәлімдеді

Фото: Reuters

Джанлуиджи Доннарумма УЕФА Суперкубогындағы жанжалдан кейін "ПСЖ"-дан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Пари Сен-Жерменде" қақпашылар құрамында елеулі өзгерістер болмақ. Джанлуиджи Доннарумма париждік клубпен қоштасатынын жариялады. Оның орнына "Лилльден" 55 миллион еуроға дейінгі сомаға Лукас Чевалье алынды.

Итальяндық қақпашы бұл шешімін әлеуметтік желі арқылы хабарлады. Оның айтуынша, УЕФА Суперкубогындағы ойынға өтінімнен шеттетілу — соңғы нүкте болған. Доннарумма жанкүйерлермен "Парк де Пренс" аренасында тікелей қоштасқысы келетінін де жеткізді.

ПСЖ бас бапкері Луис Энрике бірінші нөмірлі қақпашыны ауыстыру туралы шешімді өзі қабылдағанын растады. Испан маманы "басқа типтегі қақпашы" іздейтінін және өзгерістерге толық дайын екенін айтты.

Айта кетейік, қарым-қатынастың үзілуіне жаңа келісімшарт жөніндегі келіссөздердің сәтсіз аяқталуы да әсер етті. Доннарумма ұсынылған шарттарды, оның ішінде төлем құрылымын қабылдамаған, ал клуб ұзақ мерзімді жоспарды жаңа ойыншымен құруға бел буған.

Еске салайық, Доннарумма ПСЖ-ға 2021 жылы келіп, Лига чемпионатын, 1-Лиганы және Франция кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ 2024/25 маусымындағы "алтын" құрамның бір бөлігі болды. Енді қақпашыға Англия Премьер-лигасының клубтары қызығушылық танытуда — оған "Манчестер Сити", "Челси" және "Манчестер Юнайтед" назар аударып отыр.

Абылайхан Палмағанбет
Сәрсенбі, 13 Тамыз, 2025 16:57
Талқылау
`