Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психологтар: Мейірімді адамдар іштей қатыгез болады

«Мейірімді адамдар» айналасындағылардың махаббаты мен қошеметіне ие болу үшін өзгелерге кері әсерін тигізетін әдіс-тәсілдерді пайдаланады.

Психологтар: Мейірімді адамдар іштей қатыгез болады

Мейірімділік деп бір адамның екінші адамға ешбір арам ойсыз көмектесуін айтамыз. Алғашқысы кейінгісінен өзі жасаған жақсылығының қарымтасын күтпейді. Бірақ олар осы әрекеттері арқылы өздерінің жаман мінездерін жасыруға тырысатындарын да ұмытпайық. Бұл табиғатта ақкөңіл адамдар болмайды деген сөз емес.

«Мейірімді адамдар» біреудің өтінішін орындауға құмар келеді. Қажет кезде ақша да, киім де, тамақ та береді. Орайы келсе өз сөздеріне сендіріп, қалаған жерлеріне баруға көмек сұрап келген адамды бағыттап жібереді. Артынша өздерінің қоғамға қажет екендерін сезініп, бақыттан бастары айналып жүреді. Бірақ өздері көмектескен жандардың не себепті бақытсыз екендіктерін түсінбей дал болады. Қанша тырысып бақса да, өзгелерді қуанта алмайтындарына көздері жетеді.

Ақыры ашуланып, ренжи бастайды. Осы реніштерін іштей тындырмақ болып ауыр дертке шалдығады: жақындарымен жанжалдасады, өздерін кінәлі сезініп, жұмыссыздыққа бой алдырады. «Мейірімді адамдар» өзгелерге көмектесу арқылы өздерінің жағымсыз естеліктерін ұмытуға, кемшіліктерін жасыруға тырысады. Ал мұны жасыру үшін алапат энергия қажет. Оның тең жартысы жағымсыз энергияны тұсаулауға жұмсалса, екінші бөлігі шектен тыс белсенділік, сөзшеңдік сынды әрекеттер арқылы көрініс табады. Мұның барлығы өзі туралы жақсы ой қалыптастыру үшін жасалады. Осының салдарынан күш-жігері сарқылып, өзін керексіз сезінеді.

Ал шынайы мейірімділік қандай болады?

Кез келген өзгерісті өзімізден бастаған жөн. Барлығымыз да өзгелердің тарапынан бізге жақсы қарым-қатынас танытқандарын қалаймыз. Жеме-жемге келгенде осы жақсы қарым-қатынасты өзгелердің «жыртығын жамау» арқылы алады. Өзіңізді құрметтеуді кемшіліктеріңізді толықтай қабылдаудан бастаңыз. Мұнымен қатар, жақсы да жаман қажеттіліктеріңізді ескеріңіз.

Өзіңізден қорқуды доғарыңыз. Шын мәнінде, біз шынайы қалауларымызды мойындаудан қорқамыз. Бұған бала күнгі жағымсыз тәжірибелеріміз бен естеліктеріміз келіп қосылады. Біз өзімізді танудан қорқамыз. Осылайша өзгелердің қалаулары мен қажеттіліктерін бүтіндей бастаймыз. Басқаларға көмектесу арқылы өзімізді мейірімді сезінеміз.

Бір нәрсе сұраудан және бас тартудан қорықпаңыз. Өтпелі кезеңде немесе қатты қиналғанда бізге жақындарымыздың қолдауы қажет болады. Мұндайда қолдайтын адам табылмаса, жетістіктеріңізді еске алыңыз. Дәл сол жеңіске, жетістікке жеткен сәттегі сезімді еске түсіріңіз. Өзіңізді осы энергетикалық көңіл-күйде ұстай алмасаңыз, айналаңыздағылардан көмек сұраңыз.

Адамдардың көңіл-күйлері жұқпалы болып келеді. Кез келген адамның жақсы және жаман эмоциясы айналасындағыларға таралып отырады. Сол себепті сізге қолдау көрсетуге дайын адамды дөп таңдауға тырысыңыз әрі ол адамның сіздің өтінішіңізден бас тартуы мүмкін екенін ұмытпаңыз. Оның бұлай жасауға толықтай құқығы бар. Ал өз кезегіңізде мүлдем басқа адамнан көмек сұрай аласыз.

Өзгеден көмек сұрау арқылы сіз сол адамға жақсылық жасайсыз. Сезім мен көңіл-күй тек өзімізге тиесілі болғандықтан, оны кімге беріп-бермейтінімізді өзіміз шешеміз. Бұл үрдіс саналы және бейсаналы деңгейде жүзеге асуы мүмкін. Адамның өзі бақытсыз болса, өзгеге жақсы әсер сыйлай алмайды.

Талап пен өтінішті шатастырмаңыз. Мұнымен қатар, басқа біреудің өтінішінен ұялмастан бас тартыңыз. Адамдарға жақсылық жасауда тепе-теңдік сақтауды ұмытпаңыз. Яғни өзгеге жақсылық жасаймын деп өзіңізді құрбандыққа шалмағаныңыз жөн. Саналы эгоизм мәселесіне келгенде ұятты шетке ысырып қою қажет. Бәрінен де қиыны – ой мен сезімнің ара-жігін ажыратып, кейінгісі үшін жауапкершілікті мойынға алу. Осыны дұрыс орындаған жағдайда беделіңіз артып, өзгелердің сый-құрметін сезінесіз.

Мейірімді адамдар басқаларға алғыс айтып, қошемет көрсете алады. Жақсылық жасай отырып бақылаушының рөліне кіруді ұмытпаңыз. Асығыстық та артық болады. Көмек пен ақыл сұрамаған жерге кірігудің де қажеті жоқ. Сұраған жоқ па? Яғни бұл мәселені сізсіз өздері шеше алады.

Күте біліңіз. Әр үрдістің өзінің мерзімі бар. Өзіңізге аяушылық танытып, қателіктеріңізді кешіріңіз. Әріптерді енді ғана үйренген баланы кітапты жылдам оқымадың деп айыптауға болмайды. Алдымен, әріптерді үйреніп алу қажет.

Өзгелерге өзіңізді құрбандыққа шалмаған жағдайда ғана көмектесуға болады. Өзіңізді бағалаған сайын, айналаңызда жақсы адамдардың қатары арта түседі. Әркім өз өмірі үшін жауапкершілікті алып үйренуі тиіс.

 

Талқылау