Психоаналитик: Бір кездері Сталин мен Гитлер де Димаш сияқты танылған еді
Танымал қазақстандық психоаналитик не себепті Димаш Құдайбергеновтың қытайлық жанкүйерлеріне психологиялық көмек қажет екенін айтты.
Сурет: Димаш Құдайбергеновтың жеке парақшасынан
Бұл туралы caravan.kz басылымы жазды.
Әрбір шоу бизнес өкілінің өзіндік тыңдармандары бар. Бірақ, өкінішке орай, олардың барлығы саналы деп айта алмаймыз. Осы сөзімізге қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновтың жанкүйерлері мысал бола алады. Қытайлықтар Димаштың бетінен сүйген қазақ қызына қысым көрсетіп жүр. Тіпті, “Димашқа ешкім тиіспесін” деген бастамамен қол жинаған болатын.
– Адамдар не себепті бұлай әншіге ессіз жанкүйер бола алады?
– Адамға әрдайым идеал қажет. Себебі, адамдар мына әлемде тазалық пен жарық сәуленің болғанын қалайды. Бірақ, фанатизм – бұл кішігірім, кейде үлкен психологиялық ауру. Біреулер дінге, екіншілері футболға, үшіншілері жұлдыздарға жанкүйерлік етеміз деп жүріп нашақор, маскүнем болып кетеді.
– Яғни мұны, расымен де, психологиялық ауытқу деп ойлауымыз керек пе?
– Әрине, бұл белгілі бір дәрежедегі психологиялық ауытқу. Менің оларға жаным ашиды. Себебі, олар шынайы өмірдің не екенін ұмытып барады. Іс насырға шапса, жындыханаға жатулары да мүмкін. Димаш жоқ болса, тамақ та ішпей қоюлары ғажап емес. Еуропада мұндай жағдайлар көп кездеседі.
– Жеке практикаңызда фанатизмге байланысты жағдаймен кездескен бе едіңіз?
– Мұндай жағдайлар болды. Бірақ, тым ауыр емес. Менің негізгі аудиториям – әйелдер. Арасында Брэд Питтің басы бос болмағандықтан, отбасын құра алмай жүргендер де болған еді. Осындай қыздардың бірі сүйіктісімен кездесу үшін Лос-Анджелеске кеткен.
– Димаш тек Қытайға барғалы танымалдылыққа ие болды. Мұның себебі неде?
– Отанында жолы болмады. Тек қытайлықтар бағалаған еді, біздікілер де оған қарайлай бастады. Бұрын ол туралы қазақстандықтардың ойы басқа болатын.
– Осы секілді жағдайлар кездескен еді. Денис Тен мен Сәбина Алтынбекованың жанкүйерлерінің саны күн санап өскен болатын. Бұл не деген феномен?
– Бұл жерде басты рөлді Қытай мен Жапония халқы ойнап отыр. Миллиард адам мен бақытсыз 10 миллион адамның арасында үлкен айырмашылық бар. Жарнамаға оңтайлы. Оның үстіне бұл мемлекеттердің аты әлемге әйгілі болғандықтан, біз оларға төменнен қараймыз.
– Яғни мұны жаппай құбылыс деп атауға бола ма?
– Димаш, қажет уақытта, қажет жерде, қажет даусымен табыла білді. Психоанализде “Қажет болғанда, қажетті сөз айтылуы керек” деген ереже бар. Бір кездері дәл осылай Гитлер мен Сталин де танылған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Ділназ Ахмадиева АҚШ-та танымал әншілер шоуына қатысуда
Айдана Меденова жаңа бейнебаянда өзін құтқарған азаматпен көңіл қосты (видео)
Спорттық эстафета бастаған Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды (видео)
Ажырасу мен айықпас дерт: Танымалдығын арттыру үшін «жұлдыздар» тағдырын өздері жазып әлек