AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мамандар балалар арасында TikTok-та трендке айналған ойыншықтарға байланысты дабыл қағуда

Психологтар еліміздегі балалар арасында трендке айналған поп-ит және симпл-димпл сынды ойыншықтардың қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Психологтар олармен ойнау қауіпті деп отыр. Өйткені осы ойыншықтардың кесірінен ұл-қыздарда зиянды әдеттер пайда болуы мүмкін.

Өйткені интернет-дүкендердегі аталмыш тауардың анықтамалығында аутизммен ауратын балаларға арналған сенсорлық ойыншық деп жазылған. Ал оның сапасыз материалдан жасалған арзан баламалары жүйкеге ғана емес, денсаулыққа да зиянын тиізуі мүмкін. 

Сатушылар бұл тауарларды ұл-қыздардың арнайы іздеп келетінін айтады.

“Мұның бағасы мыңнан, мың жарымнан. Және де симпл-димпл деп аталады. Олар басқаша түрде болады. Олар қазір менде жоқ. Олардың да бағасы екі  мыңға дейін барады. Бір күнде, кем дегенде 9-10-дайы сатылады. Бес жастан жоғары балалар қызығады”, – дейді сатушы Данагүл Жанәлиева.

Поп-ит пен симпл-димпл бүкіл әлемде тренд. Оның сананы жаулап алуына тикток желісіндегі аталмыш ойыншықтар туралы ролик те әсер етсе керек. Қазір түрлі-түсті ермек екінің-бірінде бар. Бұл ойыншықтардағы дөңгелектерді саусақпен басқанда дыбыс шығады. Сол арқылы антистресс ретінде де жүйкені тыныштандыруға көмегі тиеді  дейді тұтынушылар.

“Тик-токта барлығы осыны түсіріп жатқаннан кейін алдық, көрейік деп, не екенін. Істеп көру үшін немене бәле екен дедік. Құр басылады, болды, дым қызығы жоқ”, – дейді ата-аналар.



Алғанына екі күн болды. Көшеде елдің бәрі осындай алып жүрген екен. Қыздардың қолында болғаннан кейін бәрі қызығады ғой. Сосын апасы алып берген.

Кішкентай балалардан бастап жастарға дейін поп-ит және симпл-димплмен ойнауға көшуі психологтарды қатты алаңдатып отыр. Өйткені бұл ойыншықтардың пайдасынан гөрі зияны көп екен. Тіпті адамды депрессияға ұшыратуы да мүмкін.

“Бұл ойыншықтармен бала жалғыз әрі еш ережесіз ойнаса, оның бойында зиянды әдет пайда болады. Яғни бір қимылды қайталай беруді әдетке айналдырады. Тек екі жасқа дейінгі бүлдіршіндерге ойыншықтың пайдасы болуы мүмкін. Онда да оны тек мұғаліммен бірге қолдану керек. Антистресс ретінде әрекет етеді деген де бос әңгіме.  Адам ойыншық арқылы проблемадан уақытша қашып, артынша депрессияға түсіп кетуі мүмкін”, –дейді психолог Елена Игина. 

Психологтар бұл ойыншықтарды балаларға бермеуге кеңес беріп отыр. Өйткені интернет дүкендердегі бұл тауардың анықтамалығында аутизммен ауратын балаларға арналған сенсорлық ойыншық деп анық жазылған. Ал Ресейдің тұтынушылар құқығын қорқайтын федералды қызметі өзіндегі ғылыми институттарға жаңа ойыншықты жан-жақты тексеруді тапсырыпты. Сонымен қатар оны ойлап тапқандар авторлық құқығын бекітпегендіктен, оның арзан резеңкеден жасалған баламасы да базарларда қаптап тұр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр