Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психолог жұмыстан қатты шаршап қажып жүргендерге кеңес айтты

Фото: pixabay.com 

Психолог Владислав Сотников адамдар жұмыстан қажып кетпес үшін (выгорание) не істеу керек екенін түсіндірді. Айтуынша, жұмыстан қажып, жалығудың өзі денсаулыққа үлкен зиянын тигізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Газета.Ru" порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Маманның айтуынша, жұмыстан қажу егер адамда өзге тұрақты хоббиі, мақсаты немесе қосымша табыс көзі болмаса пайда болады. 

Владислав Сотников эмоциялық, кәсіби қажу — бұл уақытша шаршау емес екенін алға тартты. Айтуынша, бұл адамның бүкіл өміріне әсер ететін жүйелі мәселе. Бұл ішкі ресурсты азайтып, мотивацияны жоғалтады, отбасындағы және жұмыстағы қарым-қатынасқа кері ықпал етеді.

"Шын мәнінде, жұмыстан қажу ДДСҰ дайындаған МКБ-11 (аурулар мен денсаулыққа қатысты мәселелер жіктемесі) құжатында жұмыс орнындағы созылмалы күйзелістің нәтижесі ретінде ресми танылған. Бұл — жалқаулық та, еркелікте емес. Бұл — жүйелі араласуды қажет ететін психологиялық және физиологиялық жағдай", – деп түсіндірді Сотников.

Маманның айтуынша, қажу үш кезеңмен дамиды:

  1. Қатты шаршау;
  2. Нәтижеліліктің төмендеуі;
  3. Жұмыстан алшақтап кету.

Кәдімгі шаршаудан айырмашылығы — бұл жай демалыспен жазылып кетпейді. Жұмыстан қажуды жазу үшін өмір салтын басынан өзгерту қажет болады.



Сотников қажудың алдын алудың  үш жолын атады. Ол:

  1. табыс әкелетін қосымша жұмыс;
  2. көңіл көтеретін хобби;
  3. қоғамға пайдалы іс (мысалы, тәлімгерлік не волонтерлік).

Маман бұған қоса қажуды уақытылы болдырмауға болатынын айтты. Ол үшін:

  1. демалысты толық ұйымдастыру,
  2. жеке шекараны сақтау,
  3. дәрігерлермен кеңесу,
  4. жұмыс, отбасы мен жеке өмірдің тепе-теңдігін ұстау,
  5. күйзеліспен күресу тәсілдерін үйрену,
  6. және жұмыс орнында ашық қарым-қатынас орнату қажет.
STAN.KZ
Жексенбі, 01 Маусым, 2025 18:37
Талқылау