Психолог балалардың жиі ауыруының бірнеше себебін атап көрсетті
Психолог, психосоматика маманы Ольга Коробейникова балалардың жиі ауыруына отбасындағы шиеленіскен атмосфера себеп болатынын айтты.
Психолог ата-ананың отбасындағы тыныштыққа жауапты екенін атап өтті. Ал тыныштық ерлі-зайыпты бір-біріне разы болғанда ғана орнайтыныны айтады.
“Бір-біріне деген қанағат болмаса, ол күйзеліске әкеліп соғады, отбасындағы психологиялық ахуал нашарлайды. Ол балаға кері әсерін тигізіп, бала ауырады”, – дейді Ольга Коробейникова.
Бала мен ананың жай-күйі бір-бірімен тығыз байланысты. Егер ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасында қиындықтар туындаса немесе әйел адам ауыр жұмыс істегені үшін өзін кінәлі сезінсе, ол ішкі шиеленістерді тудыратын көрінеді.
“Бұл балаға кері әсерін береді. Бала анасының айнасы іспеттес, әйелдің іштей әлсірегені баласынан көрінеді”, – дейді психолог.
Анасы да, әкесі де "махаббат ақшаға тең" деген көзқараста болған кезде де балаауырып қалуы мүмкін. Көбінесе мұндай ересектер балаларынан қымбат сыйлық алып беріп, құтылады. Психолог ата-аналарды “қызметінен бас тартып, өзін құрбан ет” демейді. Бірақ балаға деген мейірімді материалдық құндылықтармен алмастырмауға кеңес берді.
Талқылау