Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психолог бала тәрбиелеу кезіндегі басты қателікті атады

Психолог және жазушы Михаил Лабковский неліктен ересектердің маңызды шешім қабылдау кезінде қиындыққа тап болатынын айтты. Бұл мәселе адамдардың бойында ата-ананың кесірінен қалыптасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Лобковский

Психологтың пікірінше, жеке пікірдің қалыптасуындағы мәселе бала күннен бастау алады. Егер ата-аналар өздерінің пікірін емес, балаларды өз сезіміне сенуге үйретсе, ересек өмірде олар кез келген мәселені шеше алады. 

"Ұл бала анасымен бірге дәрігерге барады. Мысалы, тіс дәрігері "Қазір сені маса шағып алады" деп айтады. Ол ине салған соң, бала қызыл иегіне ине кіргенін біліп, жылай бастайды", – деп қарапайым мысал келтірді Лабковский. 

Осындай сәтте ата-аналардың басым бөлігі баланы еш жері ауырып тұрмағанына сендіргісі келеді дейді. Ал бұл бала тәрбиесіндегі ең басты қателік деп атады ол. 

"Мұндай кезде анасы не дейді? "Қойшы, ауырған жоқ қой" деп айтады", – дейді маман. 


Дәрігер балалар үшін ең қауіпті болатын өнімдердің тізімін атады


Лабковский осы секілді шындыққа қайшы келетін сөздерден кейін бала өзіне сенбей, басқа адамдардың айтқанымен жүруге үйреніп қалатынын алға тартты. Бұл ересек өмірде өз бетінше шешім қабылдауға кедергі келтіреді екен. 

"Енді елестетіп көрейік. Туыстары хоккейсіз өмір сүре алмайтынын, брокколи жеуді ұнататынын сіңіріп тастаған баладан қандай адам өсіп шығады?" – деп түйіндеді ол.

Лабковскийдің айтуынша, мәселені шешу үшін мамандармен бірге сеанс өткізу керек.

Талқылау