Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психолог Анна Құдиярова: Абай да ұялмай талай қызды бүлдірген, Қыз Жібек те күйеуге қыздай тимеген

 

Психоанализ Институтының директоры Анна Құдиярова отбасындағы қателер мен ажырасу, ерлі-зайыптылардың бір-бірінен айнуы секілді жайттардың себебін ашып айтты. Қазақта азаматтық неке бұрыннан бар деген психолог Абай мен Қыз Жібектің өмірін мысалға келтірді. 

Бұл туралы психолог Caravan.kz сайтына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Психолог Анна Құдиярова қазақта азаматтық неке бұрын да болған деп санайды. Оған тарихтан айтар мысалы бар. 

“Қазақта азаматтық неке деген қалай қазақта болмаған? Болған. Ұрын күйеу деген қазақта бар. Абайдың өзі бірнеше қызды бүлдіріп тастаған. Ұялмай талай қыздың пәктігінен айырған. Абай жолын оқып таңқалғанмын. Абайдың жастық шағы туралы жазылған кітабын оқысаңыз ұрын күйеу туралы жазылған. Қыз Жібекте қыздай тимеген. Бірақ оны бәріміз жақсы көреміз. Мақтан тұтамыз”, –деді психолог.

Маманның айтуынша, әрбір ерлі-зайыпты үйленбей тұрып психоанализден өту керек. 

“Ерлі-зайыптылар үйленбей тұрып психоанализден өту керек. Олар отбасын құруға қаншалықты дайын екенін тексеру керек. Бұл жайлы мен қанша жылдан бері айтып келемін. Ол үшін үкіметтен ақша бөлінсе деймін. Бір қалыңдық пен күйеу жігіттің той кезінде ұрысып қалғанын білемін. Күйеу жігіт қонақтардың бәрін шақырып қойған. Қалыңдыққа тек той кезінде қасында болуын сұрайды. Солай той біткен соң ажырасады. Бұл трагедия. Үйленіп жатып ажырасуды ойлау. Бұл отабсын құруға дайындықтық жоқтығы”, – деді маман.

Құдиярованың айтуынша, ажырасудың үш түрлі себебі бар. Ол жан жылулығы, белден төмен жақтың жылулығы, сыйластық. Үшеуі дұрыс болмаса, екі жас екі жаққа кетеді. 

“Психологиялық кәмілетке толмаға адам отбасын құрғанда міндетті түрде ажырасып кетеді”, – деді Анна ханым. 


Талқылау