Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Психикалық ауру тудырып, денсаулығына зиян келтіреді": Әлемдік және қазақстандық сарапшылар бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды қолдады

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін өзгерту мәселесін талқылауға әлем сарапшылары да қосылды. Америка Құрама Штаттарынан келген белгілі хронобиолог елдегі бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды жақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Медициналық психолог Евгений Ян бірыңғай уақыт белдеуі мәселесін талқылауға Ресей мен Америкадан халықаралық сарапшыларды шақырды. Атап айтқанда, АҚШ-тың жетекші хронобиологы, Ұйқы және циркадтық ырғақтар зертханасының директоры Мэри Карскадонмен сөйлесті. Ол "ақылға қонымды уақыт белдеулеріне" оралуымыз керек деп санайтынын жеткізді. 

Айтуынша, тұрғындардың денелері, жүріс-тұрысы күн мен түннің ырғағымен үйлеспейді.

“Күн таңғы 5-6-да жарқырап тұрса, жұмыс күнін 9-дан бастаудың қажеті қанша? Тұрғындар мұндай кестеге бейімделе алмайды. Евгений Янның айтуынша, ресейлік және америкалық сарапшылар біртұтас уақыт белдеуіне көшу қазақстандықтардың денсаулығына сөзсіз әсер етіп, иммунитеттің төмендеуі мен ауруға шалдығуына әкелуі мүмкін. Оның салдарын ересектер ғана емес, балалар да сезінеді”, – дейді маман.



Медициналық психолог Евгений Янның сөзінше, жасөспірімдер мен балалардың миы дұрыс демалмайды, ұйқылары да дұрыс емес. 

“Жасөспірімдер мен балаларда циркадиялық ырғақтар кейінгі уақытқа ауысады. Олардың миы шамадан тыс шаршап, тіпті түнде ұйықтауы қиын. Сосын ертесіне күнұзақ ұйықтайды. Бұл олар үшін зиян. Тіпті психикалық ауру тудырып, денсаулығына зиян келтіріп, депрессияға ұшырауы мүмкін”, – деді психолог. 

Әріптестерінің бұл пікірімен қазақстандық ғалымдар да келіседі. Таңның атысы "ұйқы гормонының" – мелатониннің өндірілуіне кедергі келтіреді.

“Мелатонин өндіру фазасын үзу арқылы біз адам денсаулығына кері әсерін тигіземіз. Бір сағатта мелатонин шығаратын уақытқа ауысуымыз үшін кешкі сағат 7-де ұйықтауымыз керек. Алайда бұл мүмкін емес”, – дейді биохимик Аида Әлжанова. 

Еске сала кетейік, 1 наурыздан бастап Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Бір айдан кейін ел тұрғындары билікке уақытты өзгертуден бас тарту туралы өтінішпен жүгінді. 

Талқылау