Прокурор Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Талдықорғанда Алматы облысы ІІД бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың сотында прокурор сөз сөйледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
- Барлығы қан-жоса болды: Алматы облысы полициясының бұрынғы бастығы сұхбат берді
- Күдебаевтың бұрынғы орынбасары: Қаруды шығарып үлгермедім
58 жастағы полиция генерал-майоры Серік Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айып тағылған. Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаментінің ғимаратынан шығып кеткен. Тәртіпсіздікке қатысушылар ғимараттағы қару-жарақты қолды қылған.
Серік Күдебаев Алматы облысының полициясын 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарды. Бұған дейін ол Алматыда алты жылдан астам осындай қызметте болған.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"