Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барлығы қан-жоса болды: Алматы облысы полициясының бұрынғы бастығы сұхбат берді

Талдықорғанда облыстық полицияның бұрынғы басшысына қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Серік Күдебаевқа екі бап, азаптау және билікті асыра пайдалану баптары бойынша айып тағылып отыр.

Тергеу мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде генерал-майордың әрекетсіздік танытуының салдары ауыр зардаптарға әкеп соққан. Бүгін сотта куәгерлер тыңдалды. 18404 әскери бөлімі командирінің орынбасары Аркадий Бурмичтен жауап алынды. СОБР аға инспекторы Айгүл Нұрмұханова да өткен жылдың 4 және 5 қаңтарында орын алған оқиғалар туралы айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Күдебаев 2020 жылдан 2022 жылға дейін Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы болып жұмыс істеген. Сәуір айында ол өз еркімен қызметінен кетті. Бір айдан кейін оның қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша күдікті деп танылғаны белгілі болды. Өткен аптада Бас прокуратура тәртіпсіздік кезінде Серік Күдебаевтың қарулы күзетшілерімен полиция департаментінің ғимаратынан асығыс шығып кеткені бейнеленген кадрларды жариялады. Бүгін айыпталушы алғаш рет сұхбат берді.

“Біздің қызметкерлердің 80% дерлік соққыға жығылды. Барлығының қолдары, жақтары сынған. Біреудің басы жарылған. Мен өз басымнан таспен екі рет соққы алдым. Барлығы қан-жоса болды”, – деді Серік Күдебаев. 

Талқылау