Прокурор Қаңтарда оққа ұшқан ҚазҰУ ректорының ұлының өліміне кінәлі деп айыпталған әскериді 7 жылға соттауды сұрады
Мемлекеттік айыптаушы әскери қызметкер Серікбол Мұратханды жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ол Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қансейіттің өліміне кінәлі деп айыпталған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елнар Қансейіт 2022 жылы 6 қаңтарда Алматыдағы Фурманов және Сәтпаев көшелерінің қиылысында оққа ұшқан. Әскерилер оның көлігін атқылаған.
- Талдықорғанда сот Қаңтар оқиғасы кезінде бір отбасын атып өлтірген әскери қызметкерді 7 жылға соттады
- Семейде сот Қаңтарда ұсталып, азаптаудан кейін қайтыс болған Жандос Жотабаевтың ісіне қатысты фельдшерді кінәлі деп тапты
Серікбол Мұратхан Талдықорған қаласындағы N18/404 әскери бөлімінде қызмет атқарған. Оған ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі (билікті асыра пайдалану) бойынша айып тағылған.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді