AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК қызметкерлері әрекетсіздік танытқанын мәлімдеді

Қаңтар оқиғасы кезінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы, Алматы және Қызылорда облыстары бойынша департаменттерінің жауапты қызметкерлері әрекетсіздік танытты. Бұл туралы арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы, Алматы және Қызылорда облыстары ҰҚК департаменттерінің қызметкерлері де әрекетсіздік танытты. Құқық қорғау органдарының кейбір басшылары құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында арнайы жасақтардың әрекетіне қасақана тосқауыл қойды деген нұсқаны қарастырып жатырмыз", - деді Ожаров. 

Ол аталған фактілер бойынша арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Сонымен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алмақ болған деген қылмыстық істер бойынша тергеліп жатыр. Бүгін ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы мен оның екі орынбасары қамауға алынды. Олаар билік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған. Қылмыстық іс "өте құпия" санатына жатқызылды, сондықтан ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін тергеудің егжей-тегжейлерін жария ету мүмкін емес", - деп қосты арнайы прокуратураның басшысы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр